×

Досаев лай көшкіні болған аймаққа барып, шұғыл кеңес өткізді

Әкім көшкіннің ықтимал себептерін атады

Досаев лай көшкіні болған аймаққа барып, шұғыл кеңес өткізді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы лай көшкіні болған аймаққа қала әкімі  Ерболат Досаев барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түскені 3200-дей жер. Қазір осы көшкін астында қалған жекеменшік үй, оның ішінде енді көршілерден сұрағанымда 4 адам, әке-шешесімен екі бала деп жатыр. Түнгі 03:00-тен бастап ТЖД мен аудан әкімдігі қаланың коммуналдық қызметі осында жұмыс істеп жатыр. Басты басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», – деді Ерболат Досаев.

Апат түнгі 02:20 шамасында Медеу ауданына қарасты «Тау-самалы» ықшам ауданында болған. Апаттан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бірден нөмірі 47-ші мектепке эвакуацияланған. Бірақ сәлден соң олар туыстарының үйіне кеткен. 

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Төтенше жағдайлар министрлігі 2007 жылы жасөспірім қайтыс болғанын мәлім етті.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар сол күні сабаққа бармаған.

«Мектеп директоры да осында. Түнде полиция басқармасы арқылы отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондарға сигнал түскен жоқ. Телефондар үйде деген ақпарат бар», – деді әкім. 

Сонымен қатар ол көшкіннің ықтимал себептерін атады.

«Үйлер дұрыс салынбаған. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесі және таудағы үйлердің жүктемесі себеп болуы мүмкін. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бәрі анықталады», – деді аудан әкімі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Дәретханадағы әлімжеттік»: Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы төбелестен кейін қайтыс болды
Бүгін, 09:42

«Дәретханадағы әлімжеттік»: Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы төбелестен кейін қайтыс болды

Аталған жайтқа байланысты облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бермеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →