×

Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ әйел ұсталды

Негізінен әйелдің арбауына қала сыртынан келген азаматтар алданған

Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ әйел ұсталды
Фото: pexels

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының полицейлері жылжымайтын мүлікпен байланысты алаяқтыққа қатысы бар Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылғы қарашадан бастап әйел "крыша.кз" сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Хабарландыруларда нарықтық бағадан төмен баға және пәтер интерьерінің тартымды фотосуреттері көрсетілген.

“Негізінен алаяқтың арбауына тұрғын үйді тәулік бойы жалға алатын қала сыртынан келген азаматтар түскен. Мәселен, полицияға пәтер жалдағаны үшін бейтаныс әйелге 123 мың теңге аударған Алматы тұрғыны жүгінген. Басқа жағдайда жәбірленуші Крыша KZ сайтында пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды көрген”, – деп хабарлады полицияда.

Хат алмасу барысында ол жалға берушіге 20 мың теңге көлемінде ақша аударған. Ақша аударғаннан кейін телефон нөмірі бұғатталған.

Қазір полицияға 11 азамат арызбен жүгінген. Аталған фактіге қатысты алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жәбірленушілер анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →