×

Астанада 42 жасар әйелден есірткі тәркіленді

Полицейлер күдікке ілінген Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан

Астанада 42 жасар әйелден есірткі тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

42 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тексеру кезінде 124 ұнтақ тәрізді полиэтилен орама мен психобелсенді таблеткалар салынған сөмке табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Одан әрі тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар 7 орама ұнтақ тәрізді консистенция алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 74,3 грамм «мефедрон», 23,1 грамм «гашиш» және 17,4 грамм «ЛСД» есірткісі екені анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →