×

Сатушылар мен студенттерді тонаған: Оралда қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғалар іздестірілуде

Сатушылар мен студенттерді тонаған: Оралда қылмыстық топ ұсталды
Скриншот

Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

«Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы – колледж студенттері», – делінген хабарламада.

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

«Егер Сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз», – деп ескертеді полицейлер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →