×

БҚО-да дәрігер ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді құтқарып қалды

Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған дәрігер дереу баланың жағдайын бағалап, алғашқы реанимациялық көмек көрсетеді

БҚО-да дәрігер ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді құтқарып қалды
БҚО денсаулық сақтау басқармасы

Демікпе дертімен диспансерлік есепте тұрған 1,5 жастағы сәбидің кенет тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған, деп жазады Qaz365.kz  БҚО  денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған дәрігер дереу баланың жағдайын бағалап, алғашқы реанимациялық көмек көрсетеді. Салон іші күңгірт болғаны науқастың тері түсін, жағдайын дөп басып анықтауға қиындық туғызған. Кәсіби құрал-жабдық та жоқ. Басқа да қиындықтарға қарамастан, дәрігер баланы ажалдан арашалап қалды.

"Баланың жүрегі тоқтап, демалмай қалғанда өзім қорқып кеткенім рас. Бірақ айқайлап, дүрбелең туғызбадым. Өйткені ұшақта үлкен кісілер, балалар бар, олар да шошып кетуі мүмкін еді. Тіпті ұшақты шұғыл қондырудың қаншалықты қажеттілігі туралы шешім қабылдау керек болды. Бірақ баланың тыныс алуы дұрысталды", - деді облыстық балалар ауруханасының неонатолог дәрігері Гүлсім Жұмағалиева.

Ұшақ қонғаннан кейін сәби жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қажет ем-дом жасалып, анасымен бірге үйіне жіберілді. Алайда анасы отбасылық жағдайымен сұхбат беруден бас тартты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік желісінде дәрігерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Telegram

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →