×

Қазақстаннан алтын ұрлаған күдікті Әзербайжаннан ұсталды

Мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген

Қазақстаннан алтын ұрлаған күдікті Әзербайжаннан ұсталды
Видеодан скриншот

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деп күдіктеледі.

Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында Астана қаласының соты осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →