×

Түркістан облысында жемқорлық күдігіне іліккен есепші қайтыс болды

Былтырдан бері Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген

Түркістан облысында жемқорлық күдігіне іліккен есепші қайтыс болды
Фото: elements.envato.com

Оқиға 25 қаңтарда болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Деректерге сай, білім бөлімінің есепшісіне жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған.

«Мақтаарал ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицид жасау) фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір өзін суицидке дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді полиция департаментінде.

Өткен жылдың соңынан бастап Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген.

Экономикалық тергеу департаменті бухгалтерге қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазір Экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын ұрлау) бойынша іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген тергеу департаментінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынады
Қазақстанның құқық қорғау органдары оны Ресейден елімізге экстрадициялады
Бұл дәстүрлі түрде білімді кеңейтуге мүмкіндік беретін ауқымды форум

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →