×

Түркістан облысында әкесіне ашуланған жасөспірім көпірден секірмек болды

Оқиға Сауран ауданында болды

Түркістан облысында әкесіне ашуланған жасөспірім көпірден секірмек болды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында әкесі телефонын алып қойғандықтан ашуланған жасөспірім көпірден секірмекші болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сауран ауданында болды. 102 байланыс номеріне хабарласқан бейтаныс адам Шымкент-Түркістан бағытындағы көпірден жасөспірім қыздың секіруге әрекеттеніп жатқанын айтқан. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерғазы Жүнісов пен Марат Әуезов және Бахром Хашимов бірден құтқару жұмыстарын жүргізді.

Бірі онымен сөйлесіп, қателік жасамауға шақырса, енді бірі құтқарудың амалдарын қарастырды. Қолайлы сәт туғанда екінші полицей жасөспірімді шапшаңдықпен құшақтап, қауіпсіз аумаққа алып шықты.

«Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер 9 сынып оқушысын құтқарып қалды. Белгілі болғандай, қыздың әкесі ұялы телефонын алып қоюының салдарынан араларында кикілжің туындап, жасөспірім қыз ойланбастан осы қадамға барған. Кәмелетке толмаған қыз бен оның ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкесі қызын аман алып қалған тәртіп сақшыларына риясыз алғысын білдірді», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған
Бүгін, 15:50

Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған

Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Автокөлік иесі көлігін оталдырып, кілтін ішінде қалдырған
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →