×

Жетібайдың жұмыссыз тұрғындары West Oil компаниясына жұмысқа тұруды талап етіп жатыр

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды

Жетібайдың жұмыссыз тұрғындары West Oil компаниясына жұмысқа тұруды талап етіп жатыр
Ашық дереккөзден

Бүгін  Қарақия ауданының бірқатар жұмыссыз тұрғыны аудан басшылығына үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Олар аудандағы өндірістік мекемелерге және West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін West Oil компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 миллион теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды.
Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →