×

Астанада криптовалюта пирамидасын ұйымдастырушыдан 187 млн теңге тәркіленді

535 адам ақшасын салған

Астанада криптовалюта пирамидасын ұйымдастырушыдан 187 млн теңге тәркіленді
Фото: ҚМА

Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркегені анықталды.

«Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді. Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды.  Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді», – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ведомство өкілдері қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру арқылы жазаланатынын ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кемертоғанның жолы соғыс болып жатқан Сириядан жаман – Мәжіліс депутаты
Бүгін, 10:39

Кемертоғанның жолы соғыс болып жатқан Сириядан жаман – Мәжіліс депутаты

Жергілікті тұрғындар 6 айдан бері хат жазып, мәселелерін айтумен келеді
Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан
360 миллион теңгеден астам соманың 20 мыңға жуық дозасы тәркіленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →