×

Шымкентте 84 мың жалған АҚШ долларын сатпақ болған топ ұсталды

Қылмыстық топқа қатысы бар Қазақстанның тағы бір азаматы Қырғызстанда ұсталды  

Шымкентте 84 мың жалған АҚШ долларын сатпақ болған топ ұсталды
Видеодан скриншоттар

Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған доллар сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетел валютасын өткізуді жүзеге асырған жалған ақша жасаушылардың заңсыз қызметін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті әшкереледі. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ тұлға анықталды.

«Күдікті екі адам ұсталды және оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған еді.

«Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар. Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қолма-қол ақшамен операциялар мен есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға шақырады», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →