×

«Оқушылар тірідей жанып кетті»: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қаза болды

Олардың жартысы балалар

«Оқушылар тірідей жанып кетті»: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қаза болды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбе облысында болған жол апатынан қаза тапқан сегіз адамның тең жартысы оқушылар. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде», – деді ол.

Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе – Астрахань тасжолындағы Теміркөпір станциясына жақын жерде болған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:36-да «Ларгус» және «Хайлакс» көліктері соқтығысып, алғашқысы толықтай өртеніп кеткен. Салдарынан 8 адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Суық пен сыздың ауыр азабы»: Су тасқынынан зардап шеккен отбасының күйі
Бүгін, 17:08

«Суық пен сыздың ауыр азабы»: Су тасқынынан зардап шеккен отбасының күйі

Осы жылы еліміздің 10 облысында су тасқыны салдарынан 224 елді мекен 17 603 тұрғын үй зардап шекті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →