×

Жер сілкінісі: Шымбұлақтың қанатты жолдарының үзілу қаупі бар ма

Жақын күндері болған зілзала тау курортының жұмысына қалай әсер етті

Жер сілкінісі: Шымбұлақтың қанатты жолдарының үзілу қаупі бар ма
Фото: depositphotos.com

Шымбұлақ тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов Алматыдағы жер сілкінісінен кейін инфрақұрылым нысандарының бәріне тексеру жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның айтуынша, 4 наурызда тіркелген жер сілкінісін сол сәтте қанатты жолдардағы кабиналарда болған адамдар сезбеген. Алайда таулы курортта болғандар дүмпуді сезген.

«Шымбұлақтың инфрақұрылымы жайлы айтар болсақ, қанатты жолдар 10 балдық жер сілкінісіне шыдайтындай жоспарланып жасалған. Біздің 11 қанатты жол 3200 метрлік биіктікте тұрған біреуінен басқа тоқтамай бұрынғыша жұмысын жалғастыра берді. Оның үстіне қанатты жолдардың қауіпсіздік жүйелері егер қанат үзілсе немесе кабина бұзылса, бірден реакция білдіретіндей жасалған. Барлық жүйе тұрақты жұмысын істеді. Тек операциялық процеске байланысты жұмыс тоқтады. Кейін біз қанатты жолдардың бәрін тексердік. Бәрі де жақсы қалыпты», – дейді ол баспасөз мәслихатында.

Әбдірахманов жыл сайынғы әдетпен тіректердің іргетасы мен ғимараттары тексерілетінін айтады.

«Ғимараттар мен қонақүйлерде бәрі тыныш болды. Біз тіпті арнайы видеошолу жасап, қызметкерлеріміз бен клиенттеріміз өзін сол кезде қалай ұстағанын түсіріп алдық. Бәрі жақсы», – дейді ол.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Соның салдарынан кешке қарай тек бір адамның тобығын шығарып зардап шеккені белгілі болды. Десе де, қалалық ТЖ департаменті басшысы жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →