×

«Әр балаға 300 мың теңге»: Алматыдағы митингіде қоғам белсендісі аналарға берілетін әлеуметтік төлемдерді арттыруды сұрады

Ол митингіде көтеріліп жатқан өзге тақырыптағы мәселелерді сынады

«Әр балаға 300 мың теңге»: Алматыдағы митингіде қоғам белсендісі аналарға берілетін әлеуметтік төлемдерді арттыруды сұрады
Фото: Qaz365.kz

Алматыда 8 наурыз мерекесі қарсаңында Махатма Ганди саябағында әйелдерді қолдау митингі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин» тақырыбындағы митингіде қоғам белсендісі Бағила Балтабаева ана мен бала мәселесін қайта қарау керектігін айтты.

«Қоғамды негізгі құрайтын – ана мен бала, басты мәселе осы. Ана мен баланың жағдайын жасайтын мемлекеттің өркендейтіні анық. Сондықтан бірінші ана мен баланың жағдайын жасау керек. Міне,  сіздер соны көтеріңіздер», – деді ол.

Сондай-ақ ол митингіде көтеріліп жатқан өзге тақырыптағы мәселелерді сынады. Белсенді аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін арттыруды талап етті.

«Батыстан грандты алып алады да, мына жерде сайрап шыға келеді! Ол зардабы ғана, себебімен күресу керек. Ал себебі сол баяғы кедейшілік, сол баяғы қол жетіспеушілік. Әр балаға жәрдемақы 200-300 мың теңге болсын. Өздеріңіз ойланып қараңыздар, ана әр балаға 300 мың теңге алатын болса, төрт баласы бар ана сол жәрдемақымен өмір сүреді. Сол жәрдемақылармен кез келген қазақтың келіншектері үй соғып, мал асырап, ертең ауылды көтеретін болады», – деді Бағила Балтабаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →