×

«8 адам көз жұмды»: Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатының себебі айтылды

Жол апаты болған кезде жол ашық болған

«8 адам көз жұмды»: Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатының себебі айтылды
Облыстық ПД

8 адам қаза тапқан Ақтөбе-Астрахань автожолындағы жол апатының алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің (көлік газбен жүреді) жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан, Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол көлік апатының орнында Lada көлігінде болған 8 адам тіл тартпай кетті. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

Жол апаты болған кезде жол ашық болған, қажетті жол белгілерінің бәрі көрініп тұрған.

Еске салайық, 6 наурызда Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астрахань) тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Қайтыс болғандар арасында туыстар да бар. Соның бірі – 12 жастағы ер бала мен әкесі. Одан бөлек Ақтөбеге жол тартқан екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге бақилық болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар – Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →