×

Шымкентте гүл ұрлаған экс-полицей тағы да желі «жұлдызына» айналды

Бұл жолғы оқиға Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде болған

Шымкентте гүл ұрлаған экс-полицей тағы да желі «жұлдызына» айналды
Видеодан кадрлар

Гүл ұрлаған бұрынғы полиция қызметкері тағы да әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды. Қазнетте ер адам әйелдің телефонын тартып алып, оның қайтар дегенін елемейтін видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еlitar жазуынша, видео кейіпкері 2023 жылы Шымкенттегі гүл дүкенінде жөнсіз әрекет жасады деп айыпталған полицейге ұқсайды.

Бұл жолғы оқиға Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Телефонын қайтаруды сұраған әйелге бұрынғы полиция қызметкері күлімсіреп, жауап бермейді.

«Әкел телефонымды. Телефонды алып кел дедім саған! Ішкеніңе төлей алмайсың ғой қазір. ...Мына кісі айтып жатыр ме едіңдер? Ішкеніне төлеп алсын. Менің телефонымды кепілге тастамақшы. Жақсылап телефонға түсірші. Сол гүлге ақша төлей алмайтын жігіт қой», – деді видеода әйел.

Кадрлардан оқиға куәгерлері әйелге көмектескісі келгені байқалады. Алайда ер адам олардың да сөзіне құлақ аспаған.

«Менің телефоным, соны ала сал. Саған сыйладым. Менде телефон жоқ, көлікте», – дейді ер адам.

Желі қолданушылары бірақ бұрынғы полиция қызметкері өткен жолғы әрекеті үшін ешқандай жаза алмағанына және ол басқа адамдардың заттарын алып қоятын әдетін қоймағанына наразы болған.

Айта кетейік, бұған дейін де видеодағы адамның Шымкенттегі гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысы болған еді. Ер адам флорист қызға қол көтеріп, ақысын төлемей бір құшақ гүлді алып кеткен. Сол кезде Ішкі істер министрлігі екі бап бойынша кінәліні жауапқа тартуға уәде берді: «тонау» және «немқұрайлылық».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →