×

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған екі тұрғын ұсталды - ҰҚК

Ақша бопсалағандар ұсталды

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған екі тұрғын ұсталды - ҰҚК
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік «заңдағы ұрылар» деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан. Осылайша «Бурабай» курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Бүгін, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →