×

Түркістан облысында 5 жасар баланың денесі каналдан табылды

Іздеу жұмыстарына 93 адамы жұмылдырылды.

Түркістан облысында 5 жасар баланың денесі каналдан табылды
Көрнекі сурет. Фото: Власта Пидпалая

Түркістан облысында 2019 жылы дүниеге келген баланың денесі каналдан табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

5 жасар бала 16 наурызда сағат 15.00-де Біртілек ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған. Куәгердің айтуынша, суару каналында бүлдіршіннің аяқ киімі табылған.
 
Төтеншеліктердің мәліметінше, бүгін 16 наурызда сағат 16.40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтық жердегі судан шығарып алды.

Іздеу жұмыстарына ТЖД, жергілікті атқару орган және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ
Балақайдың әзірге аяқ киімі ғана табылған екен
Адамдарға қауіп жоқ, өрт таралмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →