×

Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция оқиға туралы мәлімдеме жасады

Қыздың атына несие алып, аяусыз ұрып-соғып, далада қалдырып кеткен

Қонаевтағы бойжеткеннің өлімі: полиция оқиға туралы мәлімдеме жасады
Видеодан кадр

Қонаев қаласында 18 жастағы бойжеткенді өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бойжеткеннің өлімі туралы хабарлама 21 наурыз күні Алматы қаласының полициясына келіп түскен.

«Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 жылы туған қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілер 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетіндегі адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны анықталды және олар қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп толықтырды облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын, аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.

Студент қыздың әпкесінің айтуынша, Жаннұрдың өліміне күдікті төрт адам – Қонаев қаласының тұрғындары. Олардың жасы – 18-21 аралығында. Жаннұр олардың бірімен жақында, 7 наурыз күні танысқан. Шамамен 14-15 наурыз аралығында аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кеткен.

“Күдіктілер бойжеткеннің телефоны арқылы несие алып, қала сыртына шығарып, аяусыз ұрып-соққан. Содан кейін Бақанас бағытына қарай далада қалдырып кеткен”, – дейді әпкесі.

Туыстарының айтуынша, күдіктілердің екеуі ұсталып, екеуі бостандықта жүр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Бүгін, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →