×

ШҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Тасқын су тұрғын үйлерге және аулалардың аумағына кірген жоқ

ШҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

Күннің күрт жылынуынан жылдам еріген қар суы Ұлан ауданының Казачье және Отрадное ауылдарындағы жергілікті маңызға ие көлік жолы арқылы аға бастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, Ұлан, Тарбағатай және Зайсан аудандарында еріген қар суы жолдарға жайылған, үйлерді су басқан жоқ.

Тасқын су тұрғын үйлерге және аулалардың аумағына кірген жоқ. Жергілікті атқарушы органның күшімен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде кешкі сағат 18.00 шамасында қарғын судың беті қайтарылды.

Дәл осындай жағдай Тарбағатай ауданының аумағында, Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың 43-ші шақырымында болды. Елді мекендерге су басу қаупі төнген жоқ, жолмен көлік қатынасы қамтамасыз етілген. Тасқынға қарсы жұмысқа “ОблШығысЖол” ЖШС-нің және жергілікті атқарушы органның сегіз техникасы мен 10 адамы жұмылдырылды.

Сонымен қатар Зайсан ауданының Көгедай, Үлкен Қаратал, Шалқар ауылдарында еріген қар суы республикалық Омбы-Майқапшағай трассасының 89-шы шақырымында жолға жайылған. Оқиға орнына жедел жеткен жергілікті атқарушы орган мен “Син Син” ЖШС-нің күштері құм толтырылған қаптардан бөгет қойып, топырақпен жол жиегін көмкеріп, топан судың арнасын басқа жаққа бұрды. Ауылдарға қарғын судан қауіп жоқ.
Катонқарағай ауданының Жаңа Хайрузовка ауылында жергілікті тұрғынға құтқарушылардың көмегі қажет болды. Күндізгі сағат 11.00 шамасында ауыл тұрғыны үйінің ауласына су кіргенін хабарлап көмек сұраған. Құтқарушылар қар суын сорғымен дереу сыртқа шығарды. Жұмыс сағат 14.00-де аяқталды. 

Айта кетейік, аймақтағы су тасқынына байланысты жағдай жергілікті билік пен құтқарушылардың жіті бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ер адам терезеден құлап бақилық болды
Кеше, 15:00

Астанада ер адам терезеден құлап бақилық болды

Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →