×

Қазақстанға 50-ге жуық жүк көлігін кіргізген қылмыстық топ анықталды

Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды

Қазақстанға 50-ге жуық жүк көлігін кіргізген қылмыстық топ анықталды
Видеодан кадр / t.me/afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк көліктерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып, есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізгені анықталды. Бұл мемлекетке 180 млн теңге төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді.

Тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →