×

Астананың іргесіндегі Қояндыны су басты, халық жолды жапты

Соңғы бірнеше күнде ауылда қар күрт еріп, үйлерге кіре бастаған

Астананың іргесіндегі Қояндыны су басты, халық жолды жапты
Видеокадр

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының тұрғындары 26 наурыз күні кешке қарай тұрғындар наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ауыл Ақмола облысына қарасты болғанымен Астанадан 20 шақырым ғана қашықтықта орналасқан. Халық  күрт басталған тасқын су қаупіне байланысты жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды талап етті.

Сөйтіп, наразылыққа шыққандар  Қоянды ауылына кіреберістегі жолды бөгеді.

Соңғы бірнеше күнде ауылда қар күрт еріп, үйлерге кіре бастаған. Жалпы, тұрғындар Қоянды ауылын жылда су басады, билік жылда уәдені үйіп-төгіп, жер кепкенде оны ұмытып кетеді деп отыр.  Сондықтан бүгін ашынған халық ауыл іргесінен өтетін күре жолды жабуға тырысқан.

«Бұл да Қояндының халқы ғой», «Қояндыға жақсы жағдай жасасын», «Қайтпаңдар», «Ауылымыздың тұрғындарысыңдар, көмек сұраймын», «Кетпеңдер, тұрындар», «Қыста қарға, жазда суға батамыз», - деген тұрғындардың дауыстары жарқын-жарқын шықты.

Жолды жапқандарға полиция мен әскер жасақ өкілдері келген.

Жалпы, тұрғындардың айтуынша, қыс бойы ауылда қар жөнді күрелмеген.

«Жергілікті тұрғындар су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселесіне назар аударту мақсатында жиналған. Түсіндіру үшін жиналғандар адына аудан әкімі Б.А. Оспанбеков пен облыстың ТЖД бастығы К.К. Доспаев барды. Сағат онға қарай жолдың бәрі ашылды. Тұрғындар тарап жатыр. Қазір Қояндыда су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жүргізіліп жатыр»,- делінген Целиноград ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Кеше, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →