Видеокадрларды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратты
Қостанай облысында судан қашып шатырға шыққан тұрғындарды тікұшақпен құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Видеокадрларды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратты.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, ТЖМ күштері Ми-8 тікұшағымен 12 адам құтқарған. Кадрларда судан қашқан азаматтар үйдің шатырына, техникалардың үстіне шығып көмек күткенін көруге болады.
Қостанай облысы Екіді елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен жеткен. Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек оларға қажет болмаған.