×

Қайрат Сатыбалды сотта кінәсін толық мойындады

Ол тергеумен келісім жасауға дайын екенін айтты

Қайрат Сатыбалды сотта кінәсін толық мойындады
Скриншот

Қазір Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдының соты өтіп жатыр. Айыпталушы сотқа онлайн қосылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған бұл жолы Қылмыстық кодекстің 218 бабы, 3 тармағы бойынша айып тағылып отыр. Яғни, Сатыбалды қылмыстық жолмен тапқан ақшасы мен мүлкін заңдастырмақ болған. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сотқа онлайн қосылған Қайрат Сатыбалды кінәсін толық мойындап, тергеумен келісім жасауға дайын екенін атап өтті.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың 26 қыркүйегінде басқа қылмыстық ісі бойынша алты жылға сотталған болатын. Ал, 2024 жылдың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік оған қатысты тағы бір іс әлі тергеліп жатқанын хабарлаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →