×

Алаяқтар Павлодар облысы әкімінің атын жамылып, азаматтарды алдап жүр

Әкім тек 3 ресми парақшасы барын айтты

Алаяқтар Павлодар облысы әкімінің атын жамылып, азаматтарды алдап жүр
Фото: @asaiyn.baikhan

Алаяқтар Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың атын жамылып, адамдарды алдап жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мен сіздерден телефон арқылы хат алмасуда және қоңырауларға жауап бергенде сақтық танытып, абай болуларыңызды сұраймын. Өкінішке орай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және кез келген адамның олардың арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін", - дейді облыс әкімі.

Оның айтуынша, соңғы күндері әкімнің және бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, солардан қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге және басқа да адамдарға хабарламалар жіберілген.

Ол тек 3 ресми парақшасы барын айтты:

- @Instagram желісінде - @asaiyn.baikhan;

- Facebook желісінде - Асайын Байхан

- telegram арна - https://t.me/AsaiynBaikhan

"Сондай-ақ, мен WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі барлық хабарламаларды өз нөміріммен, оны жасырмай жіберемін. Сондықтан, егер сіз менің атымнан менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл алаяқтар. Сіздерден аса сақ болуды және абай болуды сұраймын", - дейді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды
Бүгін, 12:03

«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды

Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр
Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті
Аталған жайтқа байланысты облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бермеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →