×

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған – полиция

Бұл дерек жоғалған балаларды іздеу барысында айқындалған

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған – полиция
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған, - деп Qaz365.kzтілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл аймақта кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық дерегіне қатысты 16 қылмыс анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлімдеді.

Оның айтуынша, 18 наурызда оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы балаларды емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жасөспірімге азғындық жасағанын анықтаған. Бұл жайтқа қатысты 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тіркелген 16 қылмыстың ішінде біреуі әкесінен, екеуі өгей әкесінен, біреуі анасымен бірге тұратын ер адамнан, біреуі көршісінен және сегіз бала достары мен таныстарынан жәбір көрген. Тек біреуі бейтаныс адам болып шықты", - деді ведомство өкілі.

Бұл 80 жастағы зейнеткер болған. Ол кішкентай балаларды алдап шақырып, азғындық жасағаны анықталды. Бұл дерек жоғалған балаларды іздеу барысында айқындалған. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды. 

Ал 12 ақпанда Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Ақсу қаласының әйелдер консультациясын тексеру барысында 15 жастағы жасөспірім жүкті екенін анықтаған. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс барысында бұл іске Ақсу қаласының 17 жастағы тұрғынының қатысты бары анықталған. Қылмыстық іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды. Екі жасөспірімнің де ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →