×

Екі-үш вагон киім-кешекті далаға лақтырдық – Ойылға жеткен гуманитарлық көмектің бір бөлігі жарамсыз болып шықты

Келген гуманитарлық көмекті жергілікті халық жарайтыны бар, жарамайтыны бар – екіге бөліпті

Екі-үш вагон киім-кешекті далаға лақтырдық – Ойылға жеткен гуманитарлық көмектің бір бөлігі жарамсыз болып шықты
Видеокадр

Ойылға жеткен гуманитарлық көмектің бір бөлігі жарамсыз болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіге Ойылға көмек жинап жүрген азаматтар мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақтөбе облысына жеткен гуманитарлық көмектің ішінде жарамдысы да, жарамсызы да бар.

«Мен туған жерім киелі Ойыл мекені. Ойылда жүрмін. Себебі әу баста 29 наурыздан бастап менің үндеуіме бәріңіз де үлес қостыңыздар. Су тасқынына зардап шеккен ағайын, бауырларымыға қамқоршы боламыз деген ниеттеріңізге Алланың нұры жаусын! Бірінші күннен бастап менімен бірге болғандарыңыз үшін бәріңізге рахмет!» -  деп бастайды әңгімесін Жәрдем Ақбисенов есімді азамат.

Келген гуманитарлық көмекті жергілікті халық жарайтыны бар, жарамайтыны бар – екіге бөліпті.

«Мына жақта тазасы тұр. Ары қарай жүрсек, халық алмағаннан кейін далаға тастаған гуманитарлық көмектер де бар. Сенсеңіздер, үш вагон. Далаға шығарып тастадық. Судан зардап шеккен ағайындар ештеңесіз қалмас үшін ішінен таңдап алып жатыр», - дейді ол.

Далада шашылып жатқан қалың киім-кешектің ішінде ескі-құсқы киім-кешек, аяқ киім, бәтіңкелер көп. Сонда да қиын жағдайда қалған жергілікті халық ескінің ішінен жарамдысын іздеп әлек. Ойылдықтар гуманитарлық көмек болса, жарамдысын жіберуді өтінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр
Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті
Аталған жайтқа байланысты облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бермеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →