×

Құлсарыда жоғалған әкесі мен баласын іздеуге құтқарушылар тек екі күннен кейін кірісті

Құлсары құтқару жұмыстары жалғасуда

Құлсарыда жоғалған әкесі мен баласын іздеуге құтқарушылар тек екі күннен кейін кірісті
Фото: ТЖМ

Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқыны кезінде әкесі мен баласы жоғалып кеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арада екі күн өткенде ғана оларды іздеуге шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері енді-енді қозғалып жатыр. Мұндай қайықты алдында көрмеген едік. Екі күн өткен соң ғана әкеліп, іздеуге кірісті. Гүлмира Әбіқайға айтып, айқай шығарған соң, қозғалды», - дейді видеода сөйлеп тұрған қыз.

Айта кетейік, бұған дейін Құлсарыда 6 сәуірде әкесі мен баласы жоғалғанын жазғанбыз. Кеше бір әйелдің (туысы болса керек) кезекте тұрған әскерилерге барып, көмектесуін сұрап, жалынып жатқан видеосы тараған еді. 

«Гүлмира айтпаса қозғалмайды дейсің», «Табылса екен», «Аман-есен болса екен», «Аллам жар болсын!», «Ол адамдар қайда кетеді?», - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →