×

«Ана тілдеріңді үйреніңдер!»: Шетелдік стендапер орыстілді қазақтарға ақыл айтты

Ол Алматыда өткен стендап шоуына қатысты

«Ана тілдеріңді үйреніңдер!»: Шетелдік стендапер орыстілді қазақтарға ақыл айтты
Видеодан скриншот

Ньургун Атаков есімді якут стендапері Алматыға келіп, ана тілін білмейтін қазақтарға ақыл үйретті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Алматыда өткен стендап шоуына қатысып, жергілікті халыққа әзілін айтады. Алайда видеодан өз ана тілін білмегенге намыстанған қазақ көрінбеді. Қайта ащы да болса шындықты айтқан стендапердің сөзіне күліп отырған.

«Егер сен орысша нашар сөйлесең, Мәскеуде саған дұрыс қарамайды. Егер Алматыға қоныс аударсам... маған жеңіл болады... бірақ мұнда бәрі орысша керемет сөйлейді. Ресейде сендер ме тұрған, әлде мен бе?.. Маған кейде әжелер қазақ тілінде сөйлеп, бірдеңелерді айтады. Мен «кешіріңіз, мен қазақша түсінбеймін» деймін...

...Өзінің ана тілін – қазақша білмейтін қазақтар, қане, қол соғайықшы (әр жерден қол шапалақтаған дыбыстар шығады). Сендердің кесірлеріңнен мен мұнда қиналып жүрмін (әр жерден күлкі естіледі)! Өз тілдеріңді үйреніңдер! Әйтпесе әлгі әже мені де сендер секілді... деп ойлап қалады», - дейді Ньургун Атаков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →