Ол 12-ші қабатқа дейін дейін көтерілген
Сәуірдің 14-і күні Алматы полиция департаментінің қызметкерлері педофилия ісі бойынша күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кешкі сағат 21.00 шамасында Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Орбита» ықшамауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде полицейлер педофилиямен айналысты деген күдіктіні ұстады. Курьер болып жұмыс істейтін ер адам лифтіде 10 жасар қызды қорқытып, жәбірлеген.
Куәгердің сөзінше, қыз лифттен шығып, ағасына хабар беріп үлгерген. Ағасы сосын полиция шақырған. Курьер әкелген затын 2-ші қабатқа жеткізуі керек еді, бірақ ол 12-ші қабатқа дейін дейін көтерілді.
Полицейлер күдіктіні ұстап, бейнебақылау камерасынан барлық видеоны алған. Күдіктінің түр-тұлғасы – азиаттық.
Полиция департаменті педофилге қатысты ресми жауап берді.
«Осы дерек бойынша құқық бұзушы ұсталды. Жауапкершілікке тарту үшін өндірістік материалдар сотқа жолданды», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД редакцияның сауалына берген жауабында.