Құлсарыдағы су тасқынынан 2600-ден жеке үй су астында қалды
Атырау облысы, Құлсары қаласының тұрғындарының 1 сәуірден бергі сергекке түскен айыппұлдары кешіріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Үйлері суға кеткен Құлсарыдағы ағайынның тағы бір өтініші бар еді. Төтенше жағдай жарияланғанда халықтың бәрі көлігіне отырып қашты. Тұрғындарды эвуакациялау үшін рейс жасады. Ондай кезде жылдамдыққа қарау мүмкін емес. Сол кезде көпшілігі сергекке түскен. Айыппұлдар бірінен соң бірі келіп жатыр. Облыс әкімдігініе жеткізуімізді сұраған еді. 1 сәуірден бастап, Құлсары қаласы бойынша сергекке түскен айыппұлдар кешіріледі. Төлемей-ақ қойсаңыздар болады. Атырау облысы әкімдігімен сөйлестім. Қазір базаны тазартып жатыр», - дейді Мақсат Толықбай.
Айта кетейік, Құлсарыдағы су тасқынынан 2600-ден жеке үй су астында қалды. 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге барған болатын. Кейіннен екі адамның денесі табылды.