×

Мамандандырылған ХҚКО қызметкері мемлекетке үш млрд теңгеге залал келтірген

Аталған азаматты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды

Мамандандырылған ХҚКО қызметкері мемлекетке үш млрд теңгеге залал келтірген
Видеокадр: t.me/afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпаратты енгізу арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеу мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Тергеу барысында 2022 жылдың наурыз айы мен қыркүйек айларының аралығында Қонаев қаласы "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған ХҚКО қызметкері 413 жүк көлігінің бастапқы тіркеуін жүргізу барысында көлік құралдарының санатына қатысты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізген", - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік бюджетке 3 млрд 156 млн теңге көлемінде көлік құралдарын бастапқы тіркеу алымы түспеген.

Аталған азаматқа қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, Агенттік экономикалық құқықбұзушылықтар жайлы «АФМ Insider» телеграмм боты арқылы хабарлау мүмкіндігі барын еске салады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →