Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің үш фактісі тіркеліп, екі бала қаза тапты
Елордалық полиция жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің үш фактісі тіркеліп, екі бала қаза тапты.
Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар өздігінен тірек ретінде әртүрлі жиһаздарды пайдаланып, терезе алдына шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кеткен. Сонымен қатар, құлап кетудің басым көпшілігі ересектердің балалардың мінез-құлқын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде блокаторлардың болмауынан, жиһаздардың дұрыс орналастырылмауынан, бұл балаларға терезенің алдына өздігінен шығуына мүмкіндік береді.
Астана қаласының Полиция департаменті мұндай фактілердің алдын алу мақсатында белгілі бір ережелер мен ұсыныстарды сақтау керектігін ескертеді: