×

Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлаған кәсіпкер 6 жылға сотталды

Оның 4,7 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді

Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлаған кәсіпкер 6 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев 4,3 млрд теңге бюджет ақшасын қылмыстық жолмен тапқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ҚМА мәліметінше, ол ұрланған қаражатты заңдастырмақ болған. Қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелді.

«Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны өзінің жалған кәсіпорындарының шотына аударған. Содан кейін шоттағы теңгені шетел валютасына ауыстыру операциясын жүргізген. Сондай-ақ ол  ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған, яғни жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде  пәтерлерді алып отырған», - делінген хабарламада.

Сотталушы қылмыстық жолмен тапқан ақшасын заңдастыру, жылыстатумен 2019-2022 жылдар аралығындай айналысқан. Жексенғалиевтің 4,7 млрд теңгелік мүлкі тәркіленді.

Еске салсақ, кәсіпкер Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев өзінің сыбайласы Медетбековпен бірге 2022 жылы маусым айында қашқында жүрген жерінен ұсталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →