×

Павлодарда жасырын есірткі зертханасы жойылды

«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңге

Павлодарда жасырын есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҰҚК

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңге, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Бүгін, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →