×

«3 оқушы жарақат алды»: Павлодардағы мектепте жаппай төбелес болды

Әскери мектептің оқушылары төбелесті

«3 оқушы жарақат алды»: Павлодардағы мектепте жаппай төбелес болды
Фото: pixabay.com

Павлодардағы Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының оқушылары жаппай төбелесіп, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 2007-2008 жылы туған оқушылар арасында жанжал туындап, соңы жаппай төбелеске ұласқан.

«Полиция қызметкерлері мектеп кабинеттерінің бірінде төбелес болғанын анықтады. Оның барысында кәмелетке толмаған үш оқушы дене жарақаттарын алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мамандардың айтуынша, оқу орнында тексеру жүргізіледі. Соның нәтижесінде мекеме қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.
Полиция жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →