×

Алматы облысында былтыр ғана жөндеуден өткен жолды әкімдік жауып тастады

Respublica партиясының Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен оқиға орнында көшпелі жиын өтті

Алматы облысында былтыр ғана жөндеуден өткен жолды әкімдік жауып тастады

Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарын жалғап жатқан Үлкен Алматы каналы бойындағы автомобиль жолы жабылып, облыс аумағында мәселе туындаған. Жуырда әлеуметтік желілерде жолдың жабылғаны жағымсыз сипатта жария болған. Атап айтар болсақ, қоғамдық белсенді Санжар Боқаев өз парақшасында жариялады. Онда әкімдіктің не себепті жолды жапқаны ашық айтылмай, жол өтетін көпірдің апатты жағдайда екені көрсетілмейді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Respublica партиясының Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен оқиға орнында көшпелі жиын өтті. Оған Respublica партиясының орталық аппарат басшысы Бақытбек Хамит, партия атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен мердігер мекемелер қатысты. Мән-жайды көзбен көріп, келеңсіздік неден туындағаны анықталды. Жол бойындағы жабылған көпір арнайы шешіммен апатты деп танылған. Себебі Талғар және Түрген өзендерінде су мөлшері көбейген. Ал сол маңда құрылысқа қажетті инертті материалдар алатын аумағы үлкен бірнеше карьер бар. 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевтың айтуынша, тұрғындарға жолдың жабылатыны алдын ала хабарланған. 

“Қазіргі уақытта өзен арнасын беріктендіру, апаттың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда көпірге қосымша сараптама жүргізу мүмкін емес. Ол үшін су деңгейі түсу керек. Ал су тек қыркүйек кезінде азаяды деп болжануда. Бізге ең үлкен келеңсіздікті жүк көліктері келтіруде” дейді әкімнің орынбасары. 

Ал облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абылай Жәнібеков жол халық қауіпсіздігі үшін жабылды дейді. 

“Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы шешімімен халықтың қауіпсіздігі үшін көпір жабылған және жуық арада ашылмайды. Аталған көпірді көбінде жүк таситын ауыр техникалар пайдаланады. Жуырда жүк көліктері үшін жолдың екі жағынан таразы орнатылады. Жобалық сметалық құжаттары дайын”, - дейді басқарма өкілі. 

Депутаттар тарапынан облыстық және аудандық әкімдік өкілдеріне жағдайды реттеуге қатысты бірнеше ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, партияның орталық аппарат басшысы бұл жағдайды Парламент Мәжілісінде де көтеруге дайын екенін жеткізді. 

“Осы маңдағы карьерлерді түгел тексеру қажет. Олардың облыстық бюджетке қаншалықты салық төлегенін анықтайық. Сонымен қатар, апатты көпір маңына камералар орнатып, жағдайды бақылап отыруды ұсынамыз. Аталған мәселені біздің партияның депутаттарына Парламент қабырғасында көтеру мәселесін қарастырамыз”, -  деді Respublica партиясының орталық аппарат басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →