×

Алматыда ер адам спа-салонда жұмыс істейтін қызға шабуылдаған

Ер адамның шетелдік азамат болуы мүмкін екені айтылады

Алматыда ер адам спа-салонда жұмыс істейтін қызға шабуылдаған
Фото: kaznews.kz

Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол салонға кіріп, сыра сатуын сұраған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызметкер алкогольдік ішімдіктер сатылмайтынын айтқан.

Ашуланған ер адам қызға алдындағы заттарды лақтырып, жанына барып шашынан ұстап, ұра бастаған. Ер адамның шетелдік азамат болуы мүмкін екені айтылады.

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →