×

Шымкентте велосипед ұрлаумен айналысқан күдікті құрықталды

Рецидивист қамауға алынды

Шымкентте велосипед ұрлаумен айналысқан күдікті құрықталды
Фото: gov.kz

Шымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірнеше айдың ішінде күдікті 21 тұрғынды екі дөңгелекті темір тұлпарсыз қалдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 2,5 млн теңгеге жуық. Қаскөй көпқабатты үйлердің кіреберісіне кіріп, баспалдақ алаңында қалдырылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан. Ал дөңгелекті құлыптау құрылғыларын қысқышпен кесіп жүрген.

Күдіктіні тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Рецидивист қамауға алынды.

Әл-Фараби АПБ тергеушілері барлық айғақты жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл заңсыз әрекеті үшін ер адам 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →