×

Алматының бір топ тұрғынын алдаған күдікті Украинадан экстрадицияланды

Құқық қорғау органдары оған халықаралық іздеу жариялады

Алматының бір топ тұрғынын алдаған күдікті Украинадан экстрадицияланды
Скриншот

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Астанаға экстрадициялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдікті 2017-2019 жылдар аралығында алматылықтарды алдап, заңсыз байыған. Ол салынып жатқан үйден пәтер беремін деген сылтаумен жәбірленушілердің жалпы сомасы 140 млн теңгеден асатын мүлкін иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін ізін жасырған.

Құқық қорғау органдары оған халықаралық іздеу жариялады. Осылайша былтыр күзде күдікті Украина аумағында ұсталған.

Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішімен Украина тарапы күдіктіні елімізге экстрадициялау туралы шешім қабылдаған.

«Былтыр Украина қылмыскерлерді экстрадициялау мәселелері бойынша Қазақстан мен Украинаның өзара іс-қимылын реттеген Минск конвенциясынан шығып қалды. Бірақ соған қарамастан аталған адамды ұстап беру екі ел арасындағы 2018 жылы Қазақстан Бас прокуратурасы жасаған экстрадициялау туралы шарттың арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті бас прокуратура.

Астана мен Киев арасында тікелей рейс болмағандықтан, іздеуде жүрген адамды Украинадан Молдова мен Түркия арқылы өткізуге тура келген.

Қазір күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →