×

Бишімбаевты ұстауға барған екі полиция қызметкері жазаланды

Полицейдің сөзі қоғамда қызу талқыланған еді

Бишімбаевты ұстауға барған екі полиция қызметкері жазаланды
Фото: jogargy_sot

Астанада Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған жерге барған екі полиция қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылы 9 қарашада, Салтанат Нүкенова өлтірілген түні, Бишімбаевты ұстаған сәтте полиция қызметкерінің бірі «Өзі жыныңды келтірген шығар» деген пікірін айтқан. Полицейдің бұл сөзі қоғамда қызу талқыға түсті.

«Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-2 бабының талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласы «Есіл» ауданы Полиция департаментінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды. Ол 24 жылға сотталды. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →