×

Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері қашып кеткен төртінші күдіктіні іздеуді үздіксіз жүргізді

Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдікті ұсталды
Видеодан скриншот

Қарағанды полициясы инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдіктіні ұстады, деп хабарлады Qaz365.kz.

2020 жылды мамырдың соңында облыс орталығында белгісіз біреулер алдын ала жасалған жоспар бойынша инкассаторлар мінген автокөлікке әдейі жол-көлік оқиғасын жасап, жол апатына түскен автокөліктен 70 миллион теңге ақша және қаруларын алып, оқиға орнынан іздерін жасырған болатын. Сол кезде криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті ұсталып, олардан 30 миллион теңге ақша тәркіленді. Ал төртінші күдікті қашып кеткен. Тергеу әрекеттері және сот отырысы барысында ұсталғандардың әрқайсысы өздерін ақтауға тырысып, барлық кінәні қашып кеткен күдіктіге жаппақ болды. Тергеу әрекеттері мен соттың отырысы нәтижесінде ұсталған күдіктілер 10 жылдан 11,3 жылға дейін сотталды.

Полиция қызметкерлері қашып кеткен төртінші күдіктіні іздеуді үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматы облысынан халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы оңтүстік өңірдің тұрғынын ұстады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →