×

Ақтау сотының төрағасы ұсталды – себебі белгілі болды

Ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды

Ақтау сотының төрағасы ұсталды – себебі белгілі болды
Фото: lada.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық соты төрағасының ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 550- бабына сәйкес, Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу аясында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды. Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған», - деп хабарлады Антикор.

Дереккөз жазуынша, ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді Антикор.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →