×

Қостанайда радикалды діни ағым өкілі ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Қостанайда радикалды діни ағым өкілі ұсталды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол радикалды діни идеологияны ұстана отырып, өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың «төмендігін» көрсететін және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

“Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр. Ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Сондай-ақ ол осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Қазір оның үстінен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелге сатпақ болған
Бүгін, 09:58

Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелге сатпақ болған

2,2 млрд теңге мүлік шетелдік инвесторларға сату үшін бөгде тұлғаларға қайта ресімделген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →