×

Күтпеген жаңалық. Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

Сот кәсіпкерлердің пайдасына шешілді

Күтпеген жаңалық. Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды
Фото: exclusive.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева бірқатар кәсіпкерлердің үстінен шағым түсірді. Алайда сот кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы кәсіпкер Нұрлан Баймурзин мен серіктесі Медғат Қалиевті рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап, сотқа берді. Өткен аптада сот құқықбұзушылықтың анықталмауына байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.

«Әлия Назарбаева адвокаттары арқылы Н.С.Бимурзин мен М.Г. Қазиевті жала жапқандары үшін жауапкершілікке тартуды сұраған. Өткен аптада сот еш заң бұзылмаған соң, істі қысқарту туралы шешім шығарды», – деді Нұрлан Бимурзин.

Айта кетейік, ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →