×

Астанада "Ханшатыр" маңындағы тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

Құтқарушылар шақырудың жоғары рангы бойынша жұмыс істеуде

Астанада "Ханшатыр" маңындағы тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты
Видеодан кадр

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Құтқарушылар келіп жеткенде, тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.

“Нақтыланған мәлімет бойынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3  ранг бойынша жұмыс істеуде. 16 бірлік техника мен  72 адам жұмылдырылған. Ғимаратта әкімшілік және ішінара тұрғын үй кешені орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →