×

Қазақстан қалаларында террористік қауіптің "сары" деңгейі алып тасталды

Қауіпсіздік күштері бөлімшелері қалыпты жұмыс режиміне оралуда

Қазақстан қалаларында террористік қауіптің "сары" деңгейі алып тасталды
Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетауда терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі аяқталып, террористік қауіптің "сары" деңгейі алынды. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шешім ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты қабылданғаны айтылды.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13 және 15-баптары негізінде Астана қаласында 4 шілдеде 23 сағат 59 минуттан бастап терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халықты хабардар ету және ақпарат мониторингінің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларына" сәйкес, Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілдеде 23 сағат 59 минуттан бастап террористік қауіпің қалыпты ("сары") деңгейі алып тасталады, деп хабарлады орталық.

Қауіпсіздік күштері бөлімшелері қалыпты жұмыс режиміне оралып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →