×

WhatsApp арқылы: Алматы облысында 2 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған

WhatsApp арқылы: Алматы облысында 2 млн теңгенің вейптері тәркіленді
Фото: polisia.kz

WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Стоп-алаяқ" ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады.

Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

"Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады", – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →