×

Жетісу облысында 25 миллион теңге жымқырған директор ұсталды

Полицияға акционерлік қоғамның өкілінен арыз түст

Жетісу облысында 25 миллион теңге жымқырған директор ұсталды
Фото: google.com

Полиция 25 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

20 сәуірде Көксу ауданының полициясына акционерлік қоғамның өкілінен арыз түсті. Онда аудандық филиал директорының кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткені хабарланған.

Акционерлік қоғам өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолма-қол ақша алып, жоғалып кеткен. Тексеру барысында 25 миллион теңгеден астам ақшаның жетіспейтіні анықталды.

“Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Жауап алу кезінде ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірген”, – дейді Көксу АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →