×

Ақмола облысында шенеуніктер не үшін төбелесіп қалған?

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ

Ақмола облысында шенеуніктер не үшін төбелесіп қалған?
Фото: Shutterstock.com

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысының арасында төбелес болды. Екі тарап та әкімшілік сотқа бір-бірінің үстінен арыз түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

"2024 жылдың мамырында А. мен Б. әкімдік ғимаратында жұмыс орнында бола тұра, жанжал тудырып, арты өзара төбелеске ұласты. Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген. Сотта екеуіде өз кінәсін мойындаған жоқ", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы бойынша, аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →